ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2023 жылдың 27 шілдедегі бұйрығымен Қазақстанда қол жүгіне және багажға алуға болмайтын заттар тізімін бекітті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл бұйрық 2023 жылдың 13 тамызында өз күшіне енді.
Багажға не салуға болмайды?
Багажда тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар, батареялармен жұмыс істейтін портативті электронды темекі шегу құрылғылары, соның ішінде, мына заттар:
Батареялардағы литий мөлшері 2 граммнан аспауы керек, ал литий-ионды батареялардың меншікті қуаты 100 ватт-сағаттан аспауы керек.
Сондай-ақ портативті электронды құралдар:
Бұл литий немесе литий-ионды элементтер, сондай-ақ қосымша батареялары бар құрылғыларға қатысты. Бір адамға екі жеке қорғалған қосымша батареядан аспауы керек.
Қол жүгіне не алуға болмайды?
Сыйымдылығы 100 мл-ден асатын ыдыстардағы сұйықтықтар, аэрозольдер және гельдер, атап айтқанда:
• су және басқа сусындар, сорпалар, сироптар, джемдер, бұқтырылған тағамдар, тұздықтар және пасталар;
• тұздықтардағы немесе жоғары мөлшерде сұйықтығы бар тағамдық өнімдер;
• кремдер, лосьондар, косметика және майлар;
• әтір;
• спрейлер;
• гельдер, соның ішінде шашқа және душқа арналған гельдер;
• қысымды ыдыстар, соның ішінде қырыну көбігі, дезодоранттар және т.б.;
• пасталар, соның ішінде тіс пастасы;
• сұйықтардың қатты заттармен қоспалары;
• кірпіктерге арналған тушь;
• ерін жылтыратқышы.
Ескерту: егер жоғарыда айтылған заттар 100 миллилитрден аз ыдысқа құйылған болса, оларды тасымалдауға рұқсат етіледі.
Дегенмен, ыдыстың көлеміне қарамастан, түпнұсқалық қаптамасы жоқ, сәйкес техникалық төлқұжаты мен сертификаты жоқ, құрамы белгісіз заттар мен сұйықтықтарға тыйым салынады.
Қол жүгі заттарына қатысты ерекшелік:
Тушь пен ерін жылтыратқышты шынымен де өзіңмен бірге алуға болмай ма?
Жоғарыда жазылған қол жүгіне тыйым салынатын заттар тізімінде тушь пен ерін жылтыратқыш бар. Tengritravel.kz редакциясы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен осы жайлы сұрады.
Министрлік жаңа тізім Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесіне сәйкес бекітілгенін айта кетті.
"Кірпікке арналған тушь, ерінге арналған жылтырақ және тіс пастасы "сұйықтықтар, аэрозольдер және гельдер" категориясына жатады. Оларды қол жүгіне тасымалдау 100 миллилитрден көп болса ғана тыйым салынады. Сәйкесінше 100 миллилитрден аз заттар қол жүгіне рұқсат етіледі. Бұл шектеу багажға қатысты емес", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдай кезінде ұшақпен ұшу тәртібін біле жүріңіз!