Жаңа 2026 жылдың алғашқы айында қазақстандықтар 12 күн демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандықтар 2026 жылы қаңтарда қалай демалады?
Жаңа жылдың басы дәстүрлі түрде демалыстан басталады. 2026 жылғы қаңтардағы демалыс күндерінің кестесі:
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:
- 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері;
- 1 және 2 қаңтар - Жаңа жылға арналған мерекелік күндер;
- 3 және 4 қаңтар - демалыс;
- 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері;
- 7 қаңтар (сәрсенбі) - Рождество - демалыс күні.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:
- 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері;
- 1 және 2 қаңтар - мерекелік күндер;
- 3 қаңтар (сенбі) - жұмыс күні;
- 4 қаңтар (жексенбі) - демалыс;
- 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері;
- 7 қаңтар - демалыс күні (Рождество).
Еңбек министрлігі 2026 жылғы қаңтарда демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбайтынын нақтылады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz