- Негізгі бет
- LifeStyle
- Қазақстандықтар жақында таңғажайып...
Қазақстандықтар жақында таңғажайып аспан құбылысын көре алады
Қазақстандықтар 11-13 тамыз аралығында Персеидтің метеорлық ағынын байқай алады. Қазақстандық астрофизик Виктор Тейфель Tengri Life-ке берген сұхбатында таңғажайып аспан құбылысы туралы айтып берді. Ғалым оны жақсырақ көрудің жолдарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Nasa мәліметтері бойынша, бұл құбылыс Жер Свифт-Туттл кометасы қалдырған қалдықтар ағынынан өткенде пайда болады. Кометаның ұсақ бөлшектері атмосфераға енген кезде жанып, Аспанда жарқын, жарқыраған жолақтар жасайды. Метеорлар Персей шоқжұлдызындағы бір нүктеден шыққан сияқты болады, сондықтан да оны Персеид метеорлық ағыны деп атаған.
Астрофизиктің айтуынша, қазақстандықтар да бұл құбылысты байқай алады.
"Сөзсіз, оны бұлттанбаған жақсы ауа райы болған барлық жерден көруге болады. Тамыздың 11-нен 12-не, 12-нен 13-не қараған түні жиі пайда болатын метеорларды байқауыңыз мүмкін. Олар Персей шоқжұлдызында орналасқан, аспандағы бір нүктеден шығып жатқандай болады. Сол үшін де оны Персеид метеорлық жауыны деп атаған. Персей шоқжұлдызы аспанның солтүстік жартышарында орналасқан, сондықтан солтүстік жартышар тұрғындары осы күндері түнде метеорлық ағынды көре алады. Бастысы, сол күндері бұлтсыз ауа райы болса болғаны", - дейді Виктор Тейфель.
Персеид метеорлық жауынын қай жерден бақылаған дұрыс?
Виктор Тейфель Персеид метеорлық жауынын жарығы аз жерлерден бақылауға кеңес берді. Оның айтуынша, оны қаладан байқау мүмкін емес, себебі көше жарықтары кедергі келтіреді. Сондықтан қала сыртына шыққан дұрыс.
Кез келген жерге шығуға болады, алайда астрофизик оны бақылау үшін таулы аймақтарды таңдауға кеңес бермейді. Соның ішінде, оңтүстікте орналасқан таулар келмейді, себебі Алматы қаласының өзі солтүстікте орналасқан және оның жарығы кедергі келтіреді. Қала жарығынан алыстау қараңғы жер тапқан дұрыс.
Аспаннан Персеид ағынын қалай табуға болады?
Виктор Тейфель бұл аспан құбылысын бақылау үшін Персей шоқжұлдызының қай жерде орналасқанын білу маңызды. Түн ортасында ол аспанның шығыс немесе оңтүстік-шығыс бөлігінде көрініп тұрады. Егер смартфон немесе планшетіңіз болса, шоқжұлдызды табу үшін арнайы астрономиялық қосымшалар қолдануға болады. Сондай-ақ метеорлар жақсы көрінуі үшін түнгі 12:00-ден кейінгі уақытты таңдаған дұрыс.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова