Қазақстандықтар 2026 жылы қанша күн демалады? Massaget.kz тілшісі кесте дайындады.
Мамыр: үш мереке және Құрбан айт
Мамырда демалыс көп. Бес күндік жұмыс кестесі бойынша бұл айда 14 демалыс және 17 жұмыс күні болады.
- 1 мамырда (жұма) – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бес күндік жұмыс аптасында ел тұрғындары қатарынан үш күн: 1, 2 және 3 мамырда демалды.
- 7 мамыр (бейсенбі) – Отан қорғаушылар күні. Апта ортасындағы бір демалыс күні.
- 9 мамыр (сенбі) – Жеңіс күні. Заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбіге, 11 мамырға ауыстырылады.
Бес күндік жұмыс аптасы: қатарынан үш демалыс күні – 9, 10 және 11 мамыр.
Алты күндік жұмыс аптасы: дүйсенбі, 11 мамыр, жұмыс күні болып қалады.
- 27 мамыр (сәрсенбі) – Құрбан айттың алғашқы күні, демалыс күні.
Мамырдағы кәсіби және өзге де мерекелер:
- 17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні;
- 20 мамыр – Метрология қызметкерлері күні;
- 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні;
- 31 мамыр (мамырдың соңғы жексенбісі) – Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні.
Маусым
Маусымда мемлекеттік мерекелер жоқ, бірақ кәсіби және басқа да атаулы күндер көп:
- 1 маусым – Балаларды қорғау күні;
- 5 маусым – Эколог күні;
- 7 маусым – Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні;
- 9 маусым – Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің әскери қызметшісі мен қызметкері күні;
- 14 маусым (маусымның екінші жексенбісі) – Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні және Малшылар күні;
- 21 маусым (маусымның үшінші жексенбісі) – Медицина қызметкері күні;
- 23 маусым – Полиция күні және Мемлекеттік қызметшілер күні;
- 24 маусым – Судья және сот қызметкерлері күні;
- 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні.
Шілде: Елорда күні
6 шілде (дүйсенбі) – Астана күні. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндерге үш күн демалыс беріледі – 4, 5 және 6 шілде.
Кәсіби мерекелер:
- 2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні;
- 5 шілде (шілденің бірінші жексенбісі) – Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні;
- 7 шілде – Қолөнершілер күні;
- 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні және Табиғи монополиялар саласы қызметкерлері күні;
- 10 шілде – Ветеринариялық қызметкер күні;
- 12 шілде (шілденің екінші жексенбісі) – Балық шаруашылығы қызметкерлері күні;
- 13 шілде – ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары күні;
- 14 шілде – Нотариат күні;
- 19 шілде (шілденің үшінші жексенбісі) – Металлургтер күні;
- 26 шілде (шілденің төртінші жексенбісі) – Сауда қызметкерлері күні.
Тамыз
Бұған дейін Қазақстанда Конституция күні 30 тамызда атап өтілетін. Алайда 2026 жылғы наурызда жаңа Конституция қабылданғаннан кейін, бұл күн мемлекеттік мерекелер күнтізбесінен алып тасталды.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, тамыздың аяғында демалыс болмайды. Қыркүйек те толық жұмыс айы болып қалады.
Жаңа Конституция биыл 1 шілдеденн бастап күшіне енеді.
Еске салайық, енді Қазақстанда жаңа Конституция күні ретінде 15 наурыз – қазақстандықтар оның жобасына дауыс берген күн есептеледі. Осылайша, биыл демалыс күндерінің саны азаяды.
Тамыздағы кәсіби мерекелер:
- 2 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) – Теміржол көлігі қызметкерлері күні;
- 9 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) – Құрылысшылар күні;
- 18 тамыз – Шекарашылар күні;
- 30 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) – Кеншілер күні.
Қыркүйек
Қыркүйек те мерекелік демалыссыз, толық жұмыс айы болмақ.
Қыркүйектегі кәсіби мерекелер:
- 5 қыркүйек (қыркүйектің бірінші сенбісі) – Аңшылық шаруашылығы қызметкері күні;
- 6 қыркүйек (қыркүйектің бірінші жексенбісі) – Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні;
- 13 қыркүйек (қыркүйектің екінші жексенбісі) – Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні;
- 15 қыркүйек – Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерінің күні;
- 27 қыркүйек (қыркүйектің соңғы жексенбісі) – Машина жасаушылар күні.
- 28 қыркүйек – Атом саласы қызметкерлерінің күні;
- 30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлерінің күні.
Қазан: Республика күні
25 қазан (жексенбі) – Республика күні. Мереке жексенбіге сәйкес келгендіктен, 26 қазан, дүйсенбі де демалыс күні болады.
- Бес күндік жұмыс аптасы: қатарынан үш күн – 24, 25 және 26 қазан (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) демаламыз.
- Алты күндік жұмыс аптасы: 24 қазан, сенбі – жұмыс күні. Екі күн – 25 және 26 қазанда демаламыз.
Қазан айындағы кәсіби мерекелер:
- 1 қазан – Жоғары білім беру қызметкерлерінің күні;
- 2 қазан – Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің күні;
- 5 қазан – Мұғалімдер күні;
- 6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні;
- 10 қазан – Қазақстан кәсіптік одақтарының күні;
- 14 қазан – Стандарттау қызметкерлерінің күні;
- 19 қазан – Құтқарушылар күні;
- 18 қазан (қазанның үшінші жексенбісі) – Орман шаруашылығы қызметкерінің күні;
- 20 қазан – Қоғамдық тамақтандыру саласы қызметкерінің күні;
- 24 қазан – Кітапханашылар күні;
- 25 қазан (қазанның соңғы жексенбісі) – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні, Автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні және Автомобиль жолдары саласы қызметкерлерінің күні;
- 29 қазан – Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні және Кәсіпкерлер күні.
Қараша
Қарашада мерекелік демалыстар жоқ. Қарашадағы кәсіби мерекелер:
- 5 қараша – Сыртқы барлау күні;
- 8 қараша – Статистика күні;
- 10 қараша – Цифрландыру қызметкерлерінің, сондай-ақ бухгалтерлер мен аудиторлардың күні;
- 15 қараша – ҚР Қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні;
- 21 қараша (қарашаның үшінші сенбісі) – Бұрғылаушылар күні;
- 15 қараша (қарашаның үшінші жексенбісі) – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні;
- 18 қараша – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні.
Желтоқсан: Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан (сәрсенбі) – Тәуелсіздік күні. Апта ортасындағы бір мерекелік демалыс күні.
Желтоқсан айындағы кәсіби мерекелер:
- 5 желтоқсан – Адвокатура күні;
- 6 желтоқсан – Прокуратура күні;
- 13 желтоқсан – Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні;
- 20 желтоқсан – Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет күні;
- 22 желтоқсан – Энергетиктер күні және Архившілер күні.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз