Қазақстандық видеограф әлемнің үздік саяхатшы блогері атанды

Қазақстандық видеограф Дастан Мұхамедрахым әлемнің үздік саяхатшы блогері атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Cannas WIBA Awards 2026 марапаттау кешіне арнайы шақырту алған. Видеограф марапатты алу үшін 22 мамырда Францияға баратынын айтты.

"Cannas WIBA Awards 2026 бойынша әлемнің үздік travel blogger-і атандық. WIBA (World Influencer, Blogger Association) жыл сайын әлемнің ең үздік блогерлеріне беретін марапаттың биылғы есебі бойынша саяхат блогерлерінің үздігі атандық. Бұйырса, 22 мамырда Францияның Канна қаласында өтетін салтанатты кеште марапатымызды алып кетуге барамыз", - деді ол.

Айта кетейік, Дастан Мұхамедрахымның 1,5 миллион оқырманы бар. Оның видеолары 40, 50 миллионнан аса қаралым жинайды.

Еске салайық, бұған дейін 696 миллион оқырманы бар Instagram-ның ресми парақшасы қазақстандық саяхатшы Дастан Мұхамедрахымның видеосын жариялады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!