Жақында тұрмысқа шыққан танымал актриса Фариза Ескермеске белгілі кәсіпкер 24 миллион теңге тұратын сертификат сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Тойға келген сыйлықтарды енді ғана ашып қарап жатырмыз. Ең қымбат сыйлық - Ришат досымыздан. Андрей екеумізге 12 миллион тұратын курсқа сертификат. Жалпы құны 24 миллион теңге тұратын сыйлық. Ришат, көп рақмет", - деп жазды ол.
Еске салайық, Рифат Абдураманов - HR Capital компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер. Оның Фариза Ескермес пен күйеуі Андрейге сыйлаған сертификаты "Усилитель мощности владельца" курсын өтуге арналған.
Айта кетейік, Фариза Ескермес - Джейран тобының экс-солисі. Ол сонымен бірге "Ақжауын", "Кебенек", "Дала қырандары", "Бажа" сияқты бірнеше сериалға түскен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!