Қазақстандық оқушы Гарвардқа оқуға түсті

Қазақстандық оқушы Гарвардқа оқуға түсті
Фото: gov.kz

Астана қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Harvard University-ге оқуға қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, оқушы Advanced Placement бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланған. Ол 10-сыныптан кейін түрлі пәндер бойынша 7 емтихан тапсырып, AP International Diploma иегері атанған.

"Бөрте қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Сонымен қатар, қытай тілін оқып, Advanced Placement бағдарламасы аясында қытай тілінен де емтихан тапсырды. SAT, IELTS, CAE және HSK халықаралық емтихандарында жоғары нәтиже көрсетті", - деп жазылған хабарламада.

Үздік шәкірттің айтуынша, Harvard University-ге түсуі - жүйелі дайындықтың, тұрақты мотивацияның және тиімді білім беру ортасының нәтижесі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget