- Негізгі бет
- LifeStyle
- Пневмония жөтел
Қазақстандық дәрігер пневмонияның айқын емес белгілерін атады
№1 Алматы қалалық клиникалық ауруханасының маманы, пульмонолог дәрігер Ақжарқын Қалдыбек пневмонияның айқын емес белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Күз-қыс маусымында жедел респираторлық инфекциямен ауыру қаупі артады.
Қазір науқастардан пневмонияға тән емес қандай белгілер байқалады?
Пневмония өзіне тән белгілермен дамуы мүмкін, бірақ кейде басқа аурулардың белгілерімен жасырылады. Егер әдеттегі пневмония туралы айтатын болсақ, онда ол жөтелден және қақырық бөлінуден басталады. Температура көтерілуі мүмкін, әлсіздік және ентігу пайда болады.
Бірақ пневмония жоғары температурасыз басқаша көрінуі де мүмкін. Мысалы, қан көрсеткіштерінде айтарлықтай өзгеріс болмайды және интоксикация себебінен бас және бұлшықет ауырсынады немесе тамақ ауырып, құрғақ жөтел пайда болады. Бұл атипиялық пневмония. Сондай-ақ оған тән емес белгі - бұл невралгияға ұқсайтын кеуде қуысының ауырсыну синдромы.
Науқас жоғары температураның жоқтығына және құрғақ жөтелге шағымдануы мүмкін, ал рентгенография полисегментті пневмонияны көрсетуі мүмкін.
Бактериялық, саңырауқұлақ және вирустық пневмония болады. Мұның бәрі қоздырғыштың этиологиясына байланысты. Қазір бактериялық пневмония жиі кездеседі.
Атипиялық пневмония несімен қауіпті?
Иммунитет төмендесе немесе басқа созылмалы аурулар болса, кейбір адамдар өзінде пневмонияның дамып жатқанын сезбеуі мүмкін.
Сондай-ақ денсаулық жағдайына мән бермейтін жастар пневмонияны өткізіп алуы мүмкін. Егер сіз аурудың бастапқы кезеңдерін жіберіп алсаңыз, болашақта бұл асқынуларға әкелуі мүмкін - іріңді немесе крупоздық пневмония немесе осы аурудың басқа түрлері.
Пневмония антибиотиктерге әсер бермеуімен қауіпті. Егер бұл саңырауқұлақ немесе вирустық пневмония болса, оған антибиотиктер көмектеспейді. Алдымен қоздырғыш қандай этиологиядан екенін анықтау керек, өйткені бұл емдеуге тікелей әсер етеді.
Бұл пневмония коронавируспен байланысты ма?
Қазір пайда болған пневмония жағдайларының кейбірінде коронавирустың жаңа штамдарымен байланысты этимология бар деп есептейміз. Клиникалық тұрғыдан олар коронавирустық инфекция сияқты жүреді. Бірақ аурудың этиологиясын растау үшін зерттеу керек, ПТР тапсырып, серологиялық талдау жасау керек.
Қазіргі пневмония қысқа инкубациялық кезеңмен де ерекшеленеді. Ол 3-4 күнде дами алады. Егер бұрын біз пневмонияның дамуының инкубациялық кезеңі кем дегенде 7-14 күн деп есептесек, қазір науқастар аз уақыттың ішінде полисегментарлы пневмониямен келіп жатыр.
Пневмония белгілері болса не істеу керек?
Егер ЖРВИ белгілері болса, ең алдымен тұрғылықты жері бойынша емханаға бару керек. Дәрігер оның жедел бронхит, пневмония немесе ЖРВИ екенін анықтауы керек.
Емханада рентгенге түсіп, жалпы клиникалық анализдер (жалпы қан анализі, биохимиялық талдау, коагулограмма) тапсыру керек. Осы анализдердің нәтижелері бойынша науқастың жағдайы және қабыну процесінің таралуы бағаланады. Қажет болса, дәрігер амбулаториялық ем тағайындайды. Орташа ауыр және ауыр болған жағдайда науқас стационарға жіберіледі.
Пневмонияны үйде өз бетінше емдеуге бола ма?
Оны дәрігер шешеді. Мұның бәрі қабыну көлеміне байланысты. Егер бұл сегменттік немесе ошақты пневмония болса, онда ол үйде амбулаториялық негізде емделеді. Егер қабыну процесі өкпенің бүкіл бөлігінде жүрсе, бұл қауіпті. Өкпенің бір бөлігінде бірнеше сегменттер бар. Егер осы бірнеше сегменттерде қабыну болса, онда ауруханаға жатқызу керек. Жалпы үйде өз бетінше емделуге болмайды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда неліктен балалар арасында семіздік көбейіп жатыр? Мамандар пікір білдірді
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова