Қазақстандық дәрігер Надир Нарзулла қазірден бастап қолдануды тоқтату керек 3 өнім туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Біріншісі - ағзадағы сүйектердің ішіндегі кальцийді шығаруға әсер ететін газдалған сусындар. Оларды ішпеу керек.
"Себебі газдалған сусындар остеопорозға алып келеді. Екіншісі - күнбағыс майы. Әсіресе күнбағыс майын бір емес, сол майдың өзін бірнеше рет пайдаланған кезде оның құрамы өзгереді және трансмайлар пайда бола бастайды. Бұл холестериннің көбеюіне алып келеді", - дейді дәрігер.
Сондықтан кейбір 30-ға жетпейтін пациенттер келіп, анализдерінде холестериннің деңгейі 6-7-ден асып кетеді.
Ал үшінші өнім - инсулинорезистенттілік немесе қант диабетіне тікелей алып келетін тәтті немесе қант өнімдері.
"Бұлардың барлығы ағзаға тікелей зиян әсер ететін нәрселер. Сондықтан осы үш өнімді максималды жемеуге әрекет жасау керек", - деп түсіндірді маман.
@doctornadirr Бүгіннен бастап осы 3 затты қолдануды тоқтатыңыз? #терапевт #клиника #өттасауруы #алматы #казахстан #тоқтатукерек #клиника #медицина ♬ оригинальный звук - Doctor Nadir Narzulla
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!