Қазақстандық дәрігер қазірден бастап қолдануды тоқтату керек 3 өнімді атады

Қазақстандық дәрігер қазірден бастап қолдануды тоқтату керек 3 өнімді атады
Фото: elements.envato.com

Қазақстандық дәрігер Надир Нарзулла қазірден бастап қолдануды тоқтату керек 3 өнім туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Біріншісі - ағзадағы сүйектердің ішіндегі кальцийді шығаруға әсер ететін газдалған сусындар. Оларды ішпеу керек. 

"Себебі газдалған сусындар остеопорозға алып келеді. Екіншісі - күнбағыс майы. Әсіресе күнбағыс майын бір емес, сол майдың өзін бірнеше рет пайдаланған кезде оның құрамы өзгереді және трансмайлар пайда бола бастайды. Бұл холестериннің көбеюіне алып келеді", - дейді дәрігер. 

Сондықтан кейбір 30-ға жетпейтін пациенттер келіп, анализдерінде холестериннің деңгейі 6-7-ден асып кетеді. 

Ал үшінші өнім - инсулинорезистенттілік немесе қант диабетіне тікелей алып келетін тәтті немесе қант өнімдері

"Бұлардың барлығы ағзаға тікелей зиян әсер ететін нәрселер. Сондықтан осы үш өнімді максималды жемеуге әрекет жасау керек", - деп түсіндірді маман.  

@doctornadirr Бүгіннен бастап осы 3 затты қолдануды тоқтатыңыз? #терапевт #клиника #өттасауруы #алматы #казахстан #тоқтатукерек #клиника #медицина ♬ оригинальный звук - Doctor Nadir Narzulla

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина