Қазақстандық блогер Уилл Смитке шапан жапты

Қазақстандық блогер Уилл Смитке шапан жапты
Фото: Видео кадры

Қазақстандық танымал саяхташы әрі видеограф Дастан Мұхамедрахим актер Уилл Смитке шапан жапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл Дубайда өткен халықаралық іс-шарада болған.

Дастанның айуынша, ол шапанды алдын ала дайындап, күні бойы ұстап жүрген. Ол тіпті актер сахнаға шығарын біліп, алдын ала алдыңғы қатардан орын алған. 

"Уилл Смитке қазақ шапанын жаптық, Аллаға шүкір!" – деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dastan Mukhamedrakhim (@bydastann)

Блогер таңданысын жасыра алмай, актермен түскен суретін де бөлісті.

Мәссаған, ойлаңыздаршы Уилл Смитке шапан жаптым! Ойламаған жерден. Басқа ешкім дұрыс суретке де түсе алмады. Мен ғана шапан жауып суретке түсіп үлгердім, ары қарай дүрбелең болып кетті. Құдай берем десе береді екен ғой. Аллаға шүкір", – деді ол. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget