Қазақстандық балмұздақ шетелде сұранысқа ие

Қазақстандық балмұздақ шетелде сұранысқа ие
Фото: depositphotos.com

Биыл бес айда Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағам ретіндегі мұз өндірілген, бұл былтырмен салыстырғанда 17,1 пайызға артық, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қай елдерден әкелінеді?

2025 жылғы төрт айда елімізге 3 мың тонна балмұздақ импортталған, сырттан әкелінген өнімнің нарықтағы үлес салмағы - 15,4 пайыз.

Балмұздақ әкелінетін елдердің алғашқы үштігіне мыналар жатады:

  • Ресей (1,5 мың. Т),
  • Қырғызстан (1 мың. Т)
  • Түркия (0,3 мың. Т)

Сонымен қатар, балмұздақ Өзбекстан, Швейцария, Беларусь және Италия елдерінен әкелінген.

Қай елдерге жеткізіледі?

Биыл төрт айда балмұздақ экспорты 41,6 пайызға өсіп, 4,3 мың тоннаға жеткен. Өнім негізінен ТМД елдері мен Қытайға жіберілген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget