Танымал қазақстандық шоумен Руслан Ысқақ 500 мың долларға той ұйымдастырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол өзінің туған күн кешінде журналист Анна Данченкоға берген сұқбатында айтты.
"Жалпы той ұйымдастырудың бюджеті шексіз және әртүрлі бағада қойыла береді. Бағаны айтқанда көбі бұл біздің жеке гонорар деп ойлап қалады. Олай емес. Мысалы, Филипп Киркоровтың өзі 100 мың евроға шығады. Тойға Филипп Киркоров пен Валерий Меладзені шақырсаң соның өзі 180 мың евроға шығады. 200 мың евроға той ұйымдастырсаң, Киркоров пен Меладзенің өзіне 180 мың евро берсең, қалған 20 мың евро әнші, биші, күйшіге бөлінеді. Сондықтан, 500 мың долларға дейін той ұйымдастырып көргенбіз деп айта аламын", - деді ол сұқбатында.
Сондай-ақ Руслан Ысқақ сұқбатта Сиви Махмудидің Дубайдағы тойын жүргізгені және Қазақстанға жиі келетін шетелдік әншілердің гонорары туралы айтқан болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!