Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Жыл басынан бері азаматтарға 3,5 трлн теңге көлемінде зейнетақы төленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 трлн 137,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 2 трлн 375,5 млрд теңге қарастырылған.

1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 млн 516 мың адам.

"1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 142 744 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 95 167 теңге, базалық зейнетақы - 47 577 теңге", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін алдағы үш жылда Қазақстанда зейнетақы мөлшері қалай өзгеретіні хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!