Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Фото: depositphotos.com

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,1 трлн теңгеден аса зейнетақы төленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 трлн 22,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 2 трлн 136 млрд теңге қарастырылған.

1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 млн 510 мың адам.

"1 қазандағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 142 810 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 95 249 теңге, базалық зейнетақы мөлшері - 47 561 теңге", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін алдағы үш жылда Қазақстанда зейнетақы мөлшері қалай өзгеретіні хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget