Қазгидромет 19, 20, 21 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде шуақты ауа райы сақталады. Тек кейбір күндері елдің солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы жерлерде атмосфералық фронттар өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы +10…+20 градусқа дейін, солтүстікте және орталықта +5…+17 градусқа дейін, ал оңтүстікте +15…+23 градусқа дейін көтеріледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!