Маусым Қазақстанда соңғы 18 жылдағы ең ыстық ай болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, жауын-шашынның шамадан тыс түсуі елдің солтүстік жартысында тіркелсе, оңтүстік бөлігінде құрғақшылық байқалған.
Синоптиктердің сөзінше, айдың көп бөлігінде елге Қара және Жерорта теңіздерінен жылы ауа массалары кірген.
Көптеген өңірде өрт қаупі жоғары болды. Айдың ортасы мен аяғында рекордтық жоғары ауа температурасы байқалды. Мысалы, күндіз еліміздің батысы мен оңтүстігінде термометр +35+43°C, солтүстік және орталық облыстарда +30+40°C дейін көтерілді.
9 маусымда Қызылордада термометр көрсеткіші +40,5°C-қа жетіп, 2016 жылғы рекордты +40,1°C жаңартты. 17 маусымда Ақтөбеде 2006 жылғы рекордтан асып, +39,2°C, алдыңғысы +38,5°C болды. Атырауда 18 маусымда ауа температурасы +41,5°С-қа дейін көтеріліп, 2010 жылғы рекордты +41°С жаңартты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!