Қазақстанда референдум күні 585 бала дүниеге келді

Қазақстанда референдум күні 585 бала дүниеге келді
Фото: gov.kz

Қазақстанда республикалық референдум күні 585 бала дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, 15 наурызда, республикалық референдум өткен күні елдің медициналық ұйымдарында 585 нәресте дүниеге келген.

Ақтөбе және Түркістан облыстарында 2 егіз тіркелді. Жаңа туған нәрестелердің ішінде 310 ұл бала және 275 қыз бала бар.

"Еліміздің барлық өңірінде медицина қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетіп, жоғары біліктілік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget