Қазақстанда неке сақинасы қымбаттап кетті

Қазақстанда неке сақинасы қымбаттап кетті
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда неке сақинасы қымбаттап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, наурыздың қорытындысы бойынша алтын неке сақиналарының бағасы айлық мәнде 5,5 пайызға өссе, жылдық мәнде 45 пайызға қымбаттаған.

Өңірлер арасында ең төмен деңгей Маңғыстау облысында тіркелген, мұнда 14,5 пайызға қымбаттаған. Шымкентте өсім 29 пайыз, Астанада 29,9 пайыз болған.

Жас жұбайларға арналған сақиналардың бағасы Ұлытау облысында қатты қымбаттаған, бір жылдағы өсім - 71 пайыз.

Сонымен қатар, Қазақстанда зергерлік бұйымдар өндірісі артып келеді. 2024 жылмен салыстырғанда, 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында өндіріс көлемі 7,7 пайызға өсіп, 2,7 млрд теңге болған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget