Әлеуметтік желіде туристер Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейгенін айтып жатыр. Олардың сөзінше, отбасы мүшелерінің бәрі ауырған, ал ауру белгілері бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері бұл қауіпті жоққа шығарып, жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі республикадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда екенін мәлімдеді. Жоспарлы режимде мониторинг жүргізіліп жатыр.
"Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға апта сайынғы мониторинг жүргізіліп жатыр. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавирус инфекциясы басқа респираторлық инфекциялармен қатар тіркеліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.
Министрліктің мәліметінше, жыл басынан бері елде COVID-19-дың 247 жағдайы анықталған. Былтыр осы кезеңде 942 жағдай тіркелген, бұл биылғы көрсеткіштен төрт есеге жуық көп.
Зертханалық зерттеу мәліметі бойынша Қазақстанда коронавирустың "Стратус" деп аталатын XFG нұсқасы таралып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл нұсқа елде енді ғана пайда болмағанын, бұрыннан анықталып жүргенін мәлімдеді. Сондықтан оны жаңа вирус деу қате.
Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, ауырғандар бұл инфекцияның белгілері тез дамитынын айтады. Олардың сөзінше, таңертең адам сау жүрсе, кешке қарай дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп, құсу, диарея және қатты тоңу секілді белгілер байқалады.
Жазбаларда сырқаттың себебі ретінде "Стратус" деген атпен белгілі коронавирустың XFG нұсқасы аталған. Вирусолог Виктор Зуев әлеуметтік желіде инфекция Қазақстанға Қытайдан қайтқан туристер арқылы келуі мүмкін деген болжам жасаған.
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен басқа да инфекцияларды жұқтыру қаупін азайтуға көмектесетін қарапайым ережелерді еске салды:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!