Жыл басынан бері жүргізушілер еліміздің ақылы жолдары арқылы 62 миллион рет жүріп өткен. Мұндай деректі "ҚазАвтоЖол" жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тізімде бірінші орында Алматы - Қонаев тасжолы тұр, бұл жол арқылы жүргізушілер 10 миллион рет жүріп өткен. Одан кейінгі кезек мынадай:
- Шымкент - Өзбекстан шекарасы (7,8 млн)
- Шымкент - Тараз (5,5 млн)
- Тараз - Қайнар (4,6 млн)
- Шымкент - Қызылорда (4 млн)
- Астана - Теміртау (3,8 млн)
- Қонаев - Талдықорған (3,3 млн)
- Астана - Щучинск (3,27 млн)
- Щучинск - Көкшетау (2,82 млн)
- Астана - Павлодар (2,1 млн)
- Алматы - Қорғас (2 млн)
- Қостанай - Денисовка (1,57 млн)
- Тараз қаласының айналма жолы (1,56 млн)
- Қызылорда - Арал (1,5 млн)
- Көкшетау - Петропавл (1,47 млн)
- Балқаш - Бурылбайтал (1,1 млн)
- Павлодар - Семей - Қалбатау (1,1 млн)
- Ақтөбе - РФ шекарасы (Орынбор) (1,1 млн)
- Павлодар - РФ шекарасы (Омбы) (736 мың)
- Қостанай - РФ шекарасы (Троицк) (698 мың)
- Орал - РФ шекарасы (Самара) (669 мың)
- Шу - Бурылбайтал (583 мың)
- Орал - РФ шекарасы (Саратов) (485 мың)
- Қандыағаш - Мақат (462 мың)
- Бейнеу - Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) (140 мың)
- Үшарал - Достық (56 мың).
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!