Қазақстанда көлік көп жүретін тасжол қайсы?

Қазақстанда көлік көп жүретін тасжол қайсы?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Жыл басынан бері жүргізушілер еліміздің ақылы жолдары арқылы 62 миллион рет жүріп өткен. Мұндай деректі "ҚазАвтоЖол" жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тізімде бірінші орында Алматы - Қонаев  тасжолы тұр, бұл жол арқылы жүргізушілер 10 миллион рет жүріп өткен. Одан кейінгі кезек мынадай:

  • Шымкент - Өзбекстан шекарасы (7,8 млн)
  • Шымкент - Тараз (5,5 млн)
  • Тараз - Қайнар (4,6 млн)
  • Шымкент - Қызылорда (4 млн)
  • Астана - Теміртау (3,8 млн)
  • Қонаев - Талдықорған (3,3 млн)
  • Астана - Щучинск (3,27 млн)
  • Щучинск - Көкшетау (2,82 млн)
  • Астана - Павлодар (2,1 млн)
  • Алматы - Қорғас (2 млн)
  • Қостанай - Денисовка (1,57 млн)
  • Тараз қаласының айналма жолы (1,56 млн)
  • Қызылорда - Арал (1,5 млн)
  • Көкшетау - Петропавл (1,47 млн)
  • Балқаш - Бурылбайтал (1,1 млн)
  • Павлодар - Семей - Қалбатау (1,1 млн)
  • Ақтөбе - РФ шекарасы (Орынбор) (1,1 млн)
  • Павлодар - РФ шекарасы (Омбы) (736 мың)
  • Қостанай - РФ шекарасы (Троицк) (698 мың)
  • Орал - РФ шекарасы (Самара) (669 мың)
  • Шу - Бурылбайтал (583 мың)
  • Орал - РФ шекарасы (Саратов) (485 мың)
  • Қандыағаш - Мақат (462 мың)
  • Бейнеу - Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) (140 мың)
  • Үшарал - Достық (56 мың).

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget