Қазақстанда кімдер ең жоғары жалақы алатыны белгілі болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бос жұмыс орындарының саны бойынша білім беру саласы көш бастап тұр (41,1 мың немесе 31%), одан кейінгі орындарда әртүрлі қызмет көрсету саласы (17,5 мың немесе 13%), денсаулық сақтау мен халықты әлеуметтік қорғау саласы (11,7 мың немесе 9%) бар.
Ең көп бос жұмыс орны Түркістан облысында (12 мың), Астана қаласында (11,4 мың) және Жамбыл облысында (8,8 мың) жарияланған. Ал түйіндемелер саны бойынша көшбасшылар қатарында Түркістан облысы (13,4 мың), Астана қаласы (9,1 мың) және Қызылорда облысы (8,3 мың) тұр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!