Қазақстанда қай ұлттар көп?

Қазақстанда қай ұлттар көп?
Фото: depositphotos.com

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні. Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы ұлттар туралы мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны - 20 532 240 адам. Ал Қазақстандағы ұлттар саны мынадай:

  • Қазақтар - 14 664 202
  • Орыстар - 2 943 022
  • Өзбектер - 695 557
  • Украиндар - 367 547 
  • Ұйғырлар - 309 164 
  • Немістер - 222 890 
  • Татарлар - 218 361 
  • Әзербайжандар - 157 568 
  • Кәрістер - 120 821 
  • Түріктер - 93 234 
  • Дүнгендер - 88 165 
  • Беларустар - 73 788 
  • Тәжіктер - 61 307 
  • Күрдтер - 52 077 
  • Қырғыздар - 41 459

Айта кетейік, қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында, онда 1,6 млн адам тұрады, орыстардың көпшілігі Алматы қаласында тұрады, яғни 428 мың адам.

Өзбектер Түркістан облысында көп шоғырланған: 404 мың адам. Украиндар Қостанай облысында көп: 83 мың адам. Ұйғырлардың басым бөлігі Алматы қаласында тұрады: 124 мың адам. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget