Қазақстанда күн сайын мыңдаған жүргізуші көлік тізгініне отырады, олардың қатарында жасы үлкен адамдар да аз емес. Бірақ автокөлік жүргізуге қатысты жас бойынша қандай шектеулер бар ма? Бұл сұраққа Massaget.kz тілшісі жауап іздеп көрді.
Қазақстанда көлік жүргізуге қатысты жас шектеуі бар ма?
Полиция департаментінің хабарлауынша, автокөлік жүргізу үшін белгіленген жоғарғы жас шектеуі жоқ – 80 жаста да, 90 жаста да жүргізуге болады. Алайда белгілі бір шектеулер бар.
"Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін азамат 18 жастан кем болмауы керек. Ал жоғарғы жас шегі заңмен белгіленбеген. Дегенмен жасы үлкен жүргізушілер денсаулық жағдайына байланысты белгілі бір шектеулерге тап болуы мүмкін. Бұл шектеулер жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде немесе қайта емтихан тапсырғанда медициналық қорытынды негізінде қойылады", – дейді полиция өкілдері.
Қандай жағдайда көлік жүргізуге тыйым салады?
Егер жүргізушінің төмендегі аурулары болса, оған жүргізуші куәлігі берілмейді немесе кезекті медтексеру кезінде құқығынан айырылуы мүмкін:
Психикалық ауытқулар:
Ауыр белгілері бар созылмалы психикалық аурулар (шизофрения, сандырақ ауытқулары).
Аффективті бұзылулар (ауыр депрессия, биполярлық ауытқу).
Жеке тұлғалық бұзылулар (мысалы, антиәлеуметтік мінез-құлық).
Ақыл-ой кемістігі.
Нашақорлық пен алкоголизм (ремиссия 2 жылдан аз болса).
Неврологиялық аурулар:
Эпилепсия.
Көру қабілетінің бұзылыстары:
Ахроматопсия (түсті ажырата алмау).
Екі көзге бірдей соқырлық.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет