Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

Қазақстанда тазы мен төбет күні ресми түрде атап өтіледі. Үкімет Қазақстандағы мереке күндеріне толықтыру енгізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Енді 3 қыркүйек - қазақ тазысы мен төбеті күні. Қаулы 2026 жылы 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, тазы мен төбет - қазақтың байырғы ит тұқымдары, жеті қазынаның бірі. Тазы - аңшылықта адамның таптырмас көмекшісі, ал төбет ата-бабаларымыздың мал-мүлкінің қырағы күзетшісі болған.

Бұған дейін Қазақстанда қазақы ит тұқымдары күні аясында дәрістер, семинарлар, көрмелер және осы тұқымдардың тарихына, ерекшеліктеріне, күтіміне арналған іс-шаралар өткізілуі мүмкін екені айтылған еді.

2024 жылы 3 қыркүйекте Амстердамда қазақ тазысы тұқымын алдын ала тану және Қазақстанға стандарт иесі мәртебесін бекіту туралы шешім қабылданды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!