Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа мемлекеттік мереке енгізу бастамасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство өкілі бұл мәселе олардың құзыретіне кірмейтінін және оны Үкімет деңгейінде келісу қажет екенін мәлімдеді.
"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өз құзыреті шеңберінде жауап жолдады. Жаңа мемлекеттік мерекелерді бекіту мәселесін ведомствоаралық деңгейде қарап, Үкімет мақұлдауы қажет, сондай-ақ, "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға өзгерістер енгізу керек", – деп жазылған министрліктің жауабында.
Сондай-ақ, министрлік Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжанның сауалы қазір Үкімет қарауында екенін хабарлады.
"Жаңа мемлекеттік мерекені бекіту туралы түпкілікті шешім барлық рәсім белгіленген тәртіппен аяқталғаннан кейін қабылданады", – деп жазылған жауапта.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова