1 қазан - Қарттар күні. Осыған орай "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызық дерек жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір республика бойынша 2,4 миллионнан аса азамат зейнетақы төлемін алады. Зейнеткерлердің 64 пайызы - әйелдер, ал 36 пайызы - ер адамдар.
Бұдан бөлек, елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар. Әйел адамдар арасында еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкент қаласында тұрады. 106 жастағы кейуана бүгінде өнегелі отбасының ортасында жақындарының мейірімі мен қамқорлығына бөленіп отыр.
Ал ер азаматтар арасында жасы үлкен зейнеткер - Алматы қаласының 104 жастағы тұрғыны Зұлқарнай Сейітов. Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Зұлқарнай Сейітов Сталинград шайқасынан Берлинге дейінгі майдан жолын басып өткен. Соғыстан кейін өмірін ғылым мен педагогикаға арнап, ондаған жыл бойы жемісті еңбек еткен. Ол - 150-ден аса ғылыми еңбектің, монографиялар мен оқу құралдарының авторы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз