Қазгидромет 20, 21, 22 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жауын-шашын бойынша
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр, қар жауады, ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде боран соғып, көктайғақ болады.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ, 22 қарашада батысы мен солтүстік-шығысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі.
Ауа температурасы бойынша
Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова