Қазақстанда балалардың TikTok пен Instagram-ға кіруіне жас шектеуін енгізу ұсынылды

Қазақстанда балалардың TikTok пен Instagram-ға кіруіне жас шектеуін енгізу ұсынылды
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда балалардың TikTok пен Instagram-ға кіруіне жас шектеуін енгізу ұсынылды. Мұндай бастаманы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, Қазақстанда бала TikTok немесе Instagram-ға 5-6 жастан бастап еш кедергісіз, тіпті ата-анасының келісімінсіз, верификациясыз тіркеле алады. Осылайша ол кез келген контентке қол жеткізе алады.

"Ал көптеген елде бұл мәселе заңмен реттелген. Мысалы, Дания мен Аустралияда тіркелуге рұқсат жасы - 15-16 жас. АҚШ, Ұлыбритания және Ирландияда да жас бойынша шектеулер енгізілген. Әлеуметтік желіге ата-анасының расталған келісімімен ғана тіркеле алады", - деді ол.

Депутат осы мәселеге орай жауапты министрліктердің өкілдерінің пікірін сұрады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Қазақстанда қатаң шектеулер енгізу жоспарланып отырмағанын, бірақ бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget