Етеккір демалысы кейбір елдердің еңбек заңнамасының бір бөлігіне айналған. Мұндай нормалар Жапония, Испания, Португалия және басқа да бірқатар мемлекетте бұрыннан бар, ал жақында олардың қатарына Черногория да қосылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанда етеккірге байланысты бөлек демалыс берілмейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жақын арада оны енгізу жоспарда жоқ екенін хабарлаған.
Ведомство бұл саладағы халықаралық тәжірибе зерттеліп жатқанын, алайда қазір еңбек заңнамасына тиісті өзгеріс енгізуге негіз жеткіліксіз екенін мәлімдеген.
"Министрліктің заң шығару жұмыстарының жоспарында әйел қызметкерлерге физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты демалыс енгізу көзделмеген", - деді министрлік өкілдері.
Десек те ведомство өкілдері қолданыстағы заңнамада қызметкер жағдайға қарай пайдалана алатын демалыстың басқа түрлері қарастырылғанын айтты.
Еңбек кодексінің 87-бабына сәйкес азаматтар мынадай демалыс түрлерін рәсімдей алады:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!