Қазақстанда әйелдер қандай қатерлі ісікпен жиі ауыратыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қатерлі ісік әлемде және Қазақстанда өлім-жітім саны бойынша жүрек-қан тамырлар ауруларынан кейін екінші орында тұр.
"Сүт безі қатерлі ісігі – Қазақстандағы әйелдер арасындағы ең көп тараған қатерлі ісік түрі. Одан кейін жатыр мойны қатерлі ісігі. Сүт безі қатерлі ісігі қатерлі жаңа түзілімдерден болатын өлім арасында да бірінші орында тұр. 2022 жылы қатерлі ісіктен 13 037 адам қайтыс болды, олардың ішінде әйелдер саны – 6150", - деді Денсаулық сақтау минситрлігінің медициналық көмек ұйымдастыру департаментінің директоры.
Жыл сайын елімізде 37 мыңнан аса адам қатерлі ісікке шалдығады, қазіргі таңда 200 мың қазақстандық есепте тұр.
"Мамандандырылған көмектің кеңеюінің, жаңа технологиялардың енгізілуінің, жатыр мойны қатерлі ісігі мен сүт безі қатерлі ісігін анықтауға арналған скринингтің арқасында соңғы 5 жылда науқастардың бес жылдық өмір сүру көрсеткішінің артуы байқалды", - деп хабарлайды ведомство.
Қатерлі ісік ауруларының көп үлесі жас бойынша қатынасы мынадай болады: 55-59 жас - 11,7 пайыз, 60-64 жас - 17 пайыз, 65-70 жас - 16,3 пайыз, 71-75 лет - 14,2 пайыз.
Еске салайық, бұған дейін сүт безі қатерлі ісігін бастапқы стадияда қалай анықтауға болатынын жазған болатынбыз.