Қазақстанда 208 мыңнан аса адам арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанда ел алдындағы айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
1 қарашадағы жағдай бойынша оны алатындар саны - 207 780 адам, оларға 22,3 млрд теңге төленген.
Арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы азаматтардың 17 санаты бар:
Жәрдемақы мөлшері санатына байланысты және 2,13-тен 138,63 айлық есептік көрсеткішке дейін өзгеріп отырады.
Жәрдемақы алу үшін өтінішті eGov.kz порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарында беру керек.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!