Биыл алғашқы 4 айда 30 мыңға жуық неке тіркелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, бұл былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 5 жарым пайызға көп. Мың адамға шаққанда некеге тұрудың жалпы коэффициенті 5-тен асып тұр.
Отау құрған жастардың көбі Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында тұрады.
Өкінішке қарай, ажырасу дерегі де көбейіп барады. Биыл 4 айда 14 мың 700-ден аса ерлі-зайыпты некесін бұзған. Бұл көрсеткіш өткен жылдағыдан 7 жарым пайызға көп.
"Мың адамға шаққанда ажырасу коэффициенті - 2,18. Ең жоғарғы көрсеткіштер Қостанай облысында (мың адамға шаққанда 3,15), Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында (3,06), сондай-ақ, Павлодар облысында (2,94) тіркелді", - деді Ұлттық статистика бюросының сарапшысы Ақмоншақ Құралбек.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!