Ұлттық статистика бюросы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны - 20 532 240 адам. 2026 жылдың басынан бері ел халқының саны 32 418 адамға өсті.
Түркістан облысында халық саны 2 миллионнан асты: 2 146 739 адам. Алматыда 2 354 736 адам (халық саны 6 633 адамға өскен) бар.
Тұрғындар саны 1 миллионнан асатын өңірлер:
- Астана - 1 655 369 адам;
- Алматы облысы - 1 603 496 адам;
- Шымкент - 1 300 357 адам;
- Жамбыл облысы - 1 214 965 адам;
- Қарағанды облысы - 1 131 613 адам.
Халық ең аз қоныстанған өңірлер:
- Ұлытау облысы - 218 596 адам;
- Солтүстік Қазақстан облысы - 513 386 адам;
- Абай облысы - 594 766 адам.
Айта кетейік, қалаларда 13 120 922 адам (35 812 адамға көбейген), ал ауылдарда 7 411 318 адам (3 394 адамға азайған) тұрады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова