Қазақстанда 30 градусқа дейін күн жылынады

Қазақстанда 30 градусқа дейін күн жылынады
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 26, 27, 28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Еліміздің басым бөлігінде ауқымды антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста жаңбыр жауып, кейбір жерлерде найзағай ойнауы мүмкін. 28 наурызда Маңғыстау облысында қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ, 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында, 27-28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр.

Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады.

Ауа температурасы

Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +15…+25 градусқа дейін, солтүстік пен шығыста +10…+17 градусқа дейін, орталықта +13…+24 градусқа дейін, оңтүстікте +21…+30 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +18…+27 градусқа дейін, ал таулы жерлерде +10…+15 градусқа дейін көтеріледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget