Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарын бөлу аяқталды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл да еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға басымдық берілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңа оқу жылында бакалавриат бағдарламалары бойынша шамамен 75 мың білім гранты бөлінді. Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлерден 127 мыңға жуық өтініш түскен.
Министрлік мәліметінше, гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық бағыттарға, 20%-ы педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 20%-ы өзге білім беру бағыттарына бөлінген.
Биыл талапкерлер арасында ең танымал мамандықтар қатарында:
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ең жоғары конкурс болашақ аудармашыларды, дипломаттарды, заңгерлерді, психологтар мен педагогтарды даярлайтын білім беру бағдарламаларына түскенін айтты.
Білім гранттарын тағайындау нәтижелері 7 тамыз күні сағат 15:00-де жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!