"Қазгидромет" қазан айына қорытынды жасады. Бұл айда ауа райы құбылмалы болды. Синоптиктердің айтуынша, айдың бірінші жартысы ерекше ыстық ауарайымен ерекшеленді. Бұл бірнеше климаттық рекордтарды жаңартуға себеп болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазан айындағы рекордтық көрсеткіштер:
Ақтау: 7 қазанда температура +27,4 градусқа дейін көтеріліп, 1994 жылы тіркелген +27,1 градустан асып түсті.
Сам метеостанциясы (Маңғыстау облысы): +29,1 градус белгісі 2008 жылғы +28,5 градус рекордтан асып түсті.
Атырау: 8 қазанда +28,1 градус тіркелді, бұл 2008 жылғы рекордты жаңартты (+26 градус).
Ақтөбе: сол күні температура +26,5 градусқа жетіп, 1927 жылы белгіленген рекордты (+25,5 градус) басып озды.
9 қазан бірнеше аймақтар үшін рекордтық күн болды:
- Қостанай: +24,2 градус, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен асып түсті (+23,2 градус).
- Көкшетау: +23,5 градус, 1980 жылғы рекордты жаңартты (+22,8 градус).
- Екібастұз: +23,7 градус, 2009 жылдың максимумын айналып өтті (+21,8 градус).
Арктикалық суықтың келуі
Айдың ортасында Скандинавиядан суық ауа массаларының келуімен ауа райы күрт өзгерді. Қазақстанның өңірлері температураның жаңа минимумдарын бірінен соң бірін тіркеді:
13 қазан:
- Қостанай: -10,2 градус (бұрынғы рекорд -9,2 градус, 1924 жылы орнатылған).
- Көкшетау: -11,5 градус (2009 жылғы рекорд жаңартылды -8,1 градус).
- Павлодар: -8,5 градус (1957 жылы -7,2 градусқа қарсы).
14 қазан:
- Көкшетау: -13 градус, бұл 1976 жылғы көрсеткіштен асып түсті (-10 градус).
- Павлодар: -8,8 градус (1979 жылғы рекорд -8 градус).
15 қазан:
Ақтау: температура -0,3 градусқа дейін төмендеді, бұл бұрынғы ең төменгі деңгейден едәуір төмен (2002 жылы+3,3 градус).
Қазан айының соңы
Қазан айының соңына қарай температура тұрақтанды, алайда циклондық белсенділік жауын-шашынның түсуіне әкеліп соқтырды, әсіресе солтүстік аймақтарда. Жел секундына 26 метрге жетті, ал кей жерлерде қалың тұман байқалды.
Астанада орташа айлық температура +5,5 градусты құрады, бұл нормадан сәл ғана асады (+5 градус). Ең жылы күн - 1 қазанда (+22,8 градус), ал ең суық күн 13 қазанда (-8,4 градус) болды.
Оқи отырыңыз: Биыл қыста ауа райы қандай болады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова