Қазақстан халқы айына орта есеппен 100 грамм шай тұтынады

Қазақстанда биыл 9,1 мың тонна шай және кофе өндірілген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы өңірлер арасында көш бастап тұр

Қаңтар-шілде аралығында Қазақстанда 9 143 тонна шай және кофе өндірілген, оның ішінде 3 829 тоннасы шайға тиесілі.

Өңірлер арасында шай өндірісінің негізгі үлесі Алматыға тиесілі (92,1 пайыз немесе 3 528 тонна). Бұл көрсеткіш бойынша Алматы өңірлер арасында көш бастап тұр.

Қазақстан халқы айына орта есеппен 100 грамм шай тұтынады

Импорттың үлесіне сергіткіш сусынның 74,1 пайызы тиесілі. Сонымен қатар, елге 18,3 мың тонна шай өнімі әкелінген. Алты ай ішінде 3,9 мың тонна шай мен кофе экспортқа шығарылған.

Шайды негізгі жеткізуші елдер қатарында Кения бар, оның үлесіне импортталған өнімнің 27,2 пайызы тиесілі. Сондай-ақ, шайдың негізгі көлемі Үндістан, Ресей, Италия және Қытайдан әкелінеді.

Шай тұтыну көлемі бір адамға айына орта есеппен шамамен 100 грамм болады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!