Қазақстан азаматтарына депрессия кезінде жұмысқа шықпауға бола ма?

Қазақстан азаматтарына депрессия кезінде жұмысқа шықпауға бола ма?
Фото: depositphotos.com

Қазақстан азаматтарына депрессия кезінде жұмысқа шықпауға бола ма? Бұл сауалға Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, депрессия диагнозын психиатр дәрігер қояды.

"Алғашқы белгілерді жалпы практика дәрігері немесе психолог анықтай алады, бірақ нақты диагноз қою, ем тағайындау және науқасты бақылау психиатр дәрігердің құзыретіне жатады", - деп түсіндірді министрлік өкілі.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, депрессия кезінде еңбекке уақытша жарамсыз деген анықтама рәсімдеуге болады. Бірақ белгілі бір жағдайларда ғана.

"Дәрігер науқастың жағдайы уақытша еңбекке жарамсыз деп тапса, жеңіл дәрежедегі депрессия кезінде де еңбекке уақытша жарамсыз деген анықтама ашылуы мүмкін", – деді ол.

Денсаулық сақтау министрлігінің стандарттарына сәйкес орта және ауыр дәрежедегі депрессия кезінде стационарлық жағдайда емделу ұсынылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget