Қазақстан азаматтары тағы бір елге визасыз бара алады

Черногория Қазақстан азаматтарына уақытша визасыз режим енгізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, Черногория үкіметі 17 сәуірде Қазақстан азаматтарына уақытша визасыз режим енгізген.

"Осылайша азаматтар 1 мамырдан 1 қазанға дейін жарамды жол жүру құжаты негізінде Черногория аумағына кіре алады, шекараны кесіп өте алады және 30 күнге дейін бола алады", - деп жазылған хабарламада.

Алайда ұзақ сапарлар үшін виза рәсімдеу қажет.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз