Қазақстан азаматтары маусымда қанша күн демалады?

Қазақстан азаматтары маусымда қанша күн демалады?
Фото: Midjourney

2026 жылы маусымда Қазақстан азаматтарын 8 демалыс күні күтіп тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл маусымда бес күн жұмыс істейтін азаматтар үшін 8 демалыс күні, 22 жұмыс күні болады. Ал алты күн жұмыс істейтін ел тұрғындары үшін 4 демалыс күні, 26 жұмыс күні болады.

Маусымда мемлекеттік мерекелер жоқ, сондықтан тек сенбі және жексенбі күндері демалыс болады.

Айта кетейік, биылғы маусым демалыс алу үшін ең тиімді айлардың бірі болмақ. Cебебі бұл айда 22 жұмыс күні бар, бұл - өндірістік күнтізбедегі ең жоғары көрсеткіш.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget