Қазақстан азаматтары мамырда қанша күн демалады?

2026 жылы мамырда Қазақстанда мерекелерге орай демалыс күндері көп, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан азаматтары мамырда қанша күн демалады?

Демалыс күндерінің саны жұмыс кестесіне байланысты:

  • бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 14 демалыс күні және 17 жұмыс күні болады;
  • алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні болады.

Биыл мамырда Қазақстанда қандай мерекелер тойланады?

Мамырда бірден бірнеше мемлекеттік мереке атап өтіледі:

  • 1 мамыр (жұма) - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
  • 7 мамыр (бейсенбі) - Отан қорғаушылар күні;
  • 9 мамыр (сенбі) - Жеңіс күні.

Сонымен қатар, 2026 жылы Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға (сәрсенбі) сәйкес келеді. Десе де нақты күндері өзгеруі мүмкін.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!