Биылғы қыркүйекте азаматтар сенбі және жексенбі күндері ғана демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қыркүйекте мемлекеттік және ұлттық мерекелер жоқ, сондықтан бұл айда қосымша демалыс қарастырылмаған.
Бес күндік жұмыс аптасындағыларға қыркүйекте 22 жұмыс күні және 8 демалыс күні болады. Ал алты күндік жұмыс аптасындағыларға 26 жұмыс күні, 4 демалыс күні болады.
Бес күндік жұмыс аптасы бойынша демалыс кестесі:
- 5 және 6 қыркүйек;
- 12 және 13 қыркүйек;
- 19 және 20 қыркүйек;
- 26 және 27 қыркүйек.
Алты күндік жұмыс аптасы бойынша демалыс кестесі:
- 6 қыркүйек;
- 13 қыркүйек;
- 20 қыркүйек;
- 27 қыркүйек.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова