Қазақстан азаматтарына Оңтүстік Кореяда еңбек етуге рұқсат беру құжаттарын қарау соңғы кезеңге жеткен. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның еңбек және жұмыспен қамту министрі Ким Ён Хун мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
24.kz мәліметінше, Корея 17 мемлекеттің азаматтарына ресми түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр. Олардың қатарында Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан бар. Ал Қазақстан Үкіметі өз азаматтарын Кореяда заңды түрде жұмысқа орналастыру туралы келіссөзді былтырдан бері жүргізіп келеді.
"Сеул тарапы біздің елмен келісімге қол қоюға басты кедергі ретінде Қазақстаннан келетін еңбек мигранты көптігін атаған. Биылғы шілдедегі деректерге сүйенсек, Оңтүстік Кореяда шамамен 11 200 азамат заңсыз жұмыс істеп жүр", - деп жазылған арна мәліметінде.
Бұл мәселені реттеу үшін өткен айдан бастап Сеулдегі Қазақстан елшілігінде полицей атташе қызметіне кіріскен.
Еске салайық, бұған дейін Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова