Қазанның аяғында ел азаматтары Республика күніне орай үш күн демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Республика күні
Қазанда қосымша демалыс күні күтіп тұр. Бұл жыл сайын 25 қазанда атап өтілетін Республика күніне байланысты. Ол - Қазақстандағы жалғыз ұлттық мереке. 1990 жылы осы күні Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған. 2022 жылдан бастап Республика күні демалыс күні болып белгіленді.
2026 жылы мереке жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан "Мерекелер туралы" заңға сәйкес демалыс күні келесі күнге, яғни дүйсенбіге (26 қазанға) ауыстырылады. Нәтижесінде бес күн жұмыс істейтін азаматтарды ұзақ демалыс (24-26 қазан аралығы) күтіп тұр.
Алты күн жұмыс істейтін тұрғындар қатарынан үш күн демала алмайды. Сенбі, яғни 24 қазан - олар үшін жұмыс күні.
Демалыс күндері:
- 25 қазан, жексенбі - Республика күні;
- 26 қазан, дүйсенбі - мереке күні ауыстырылуына байланысты демалыс.

Қазанда қанша демалыс және жұмыс күні болады?
Биыл қазанда бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күн және 21 жұмыс күні болады. Ал алты күндік жұмыс аптасында 26 жұмыс күні, 5 демалыс күн болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова