Блогер Дамеля Sweet әлеуметтік желіде түсірген қазақша трендпен түсірілген видеосы көпшілікті таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер ұлттық киіммен қазақ қыздарының бейнесін KeshYou тобының "Қазақ аруы" әніне түсірген. Видеоға әлеуметтік желіде 300 мыңға жуық лүпіл басылып, 13 мыңға жуық пікір жазылған.
"Қазақша тренд" деп жазды блогер.
"Қырғыздарды қайталап жатырсыз деп ойлаймын, олар да осылай ұлттық әніне видео түсірген", "Үндістан емес, қазақша трендті қолдайық", "мен көрген ең керемет тренд", "блогерлер қазақша сөйлесе, жастар да қазақшаға махаббаты ашылар еді", "қазақ қыздарының табиғаты нәзік қана емес, қайсарлық та бойында бар екені көрінеді", "үндінің шиқылдаған әні мен салдырлаған киімінен біздің ән мен ұлттық киіміміз мың есе артық қой, айтыңыздаршы", "бәрі шырылдап, үнді болып кетіп еді", қайдағы жоқ Үндістанның трендін жасағанша, осы трендті жасаңдар", - деп жазды желі қолданушылары.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз