Қазақ музыкасы бүкіл әлемнен тыңдарманын тапты. Жуырда азиялық әлеуметтік желі қолданушылары арасында қазақтың хиті танымал болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде "Сен маған массың" атты ән орасан зор танымалдылыққа ие болды. Бұл - Рахымжан Жақайымның әні. 2020 жылы шыққан туындының тосыннан шетелде екінші тынысы ашылғандай болды: Қытай, Вьетнам және басқа да Азия елдерінің желі қолданушылары осы әнге билеп, видео түсіре бастаған. Ал бұл видеолар миллиондаған қаралым жинаған.
@daoyil1421 #异国风情 #下班后的日常 ♬ 原聲 - DaoYiL1421
Бұл ән жастарды да, ересектерді де баурап алған, видеолардан қазақ хитіне ерлер де, әйелдер де, тіпті балалар да билеп жатқаны көрінеді.
@happymehra Anh say em rồi nhạc Nga hot quà #tiktok #hottrend #viralvideo #challenge #fyp Сен Маған Массың by Рахымжан Жақайым #follow #tiktokvideo ♬ nhạc nền - Thuận Zilo 😂
@zapadkzuralsk #сенмағанмассың #бидіайырады #қытайқазақтары #қытай #китай #гонжа ♬ оригинальный звук - 🇰🇿🇰🇿МЕН ҚАЗАҚПЫН🇰🇿🇰🇿
Рахымжанның YouTube арнасында "Сен маған массың" әніне арнап түсірілген клип 30 миллионға жуық қаралым жинапты, алайда енді бұл көрсеткіш одан да арта түсуі мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!