“Қазақ мектебіне +1 ата-ана“. Нұрболат Абдуллиннің қызы мектепке барды

“Қазақ мектебіне +1 ата-ана“. Нұрболат Абдуллиннің қызы мектепке барды
Фото: instagram.com\nurbullin

Танымал әнші Нұрболат Абдуллиннің қызы мектеп табалдырығын аттап, оқушы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қуанышты жаңалығын әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

"Сенің маған сенгеніңдей, мен де саған солай сенемін, Құлыным! Қадамың құтты, тәртібің мықты, жүрегің рухты болсын. Сенімен елің мақтансын!", - деп жазды әнші мектеп формасын киген қызымен бірге түскен суретін салып. 

Нұрболат Абдуллин қызын қазақ мектебіне берген екен. 

Мұны әншінің "Қазақ мектебіне +1 ата-ана", - деген жазбасынан байқауға болады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева