“Қазақ қыздарының құны Camry-ден де түсіп кетті“. Блогер қалың мал туралы ойын айтты

Әлеуметтік желіде блогер қазір ажырасудың көбейіп кетуін қыздардың құнсызданып бара жатқанымен байланыстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол қазақ қыздарының қалың малын 10 миллион теңгеге көтеру керек екенін айтты.

"Қалың мал бағасын 10 миллионға дейін көтеру керек. Неге дейсіз ғой? Себебі қазір қазақ қыздарының құны Camry-ден де түсіп кетті. 1-1,5 миллион теңге беріп құтыла салады. Бұған қарсымын. Бұл жерде саудаласып немесе қызды сатып жатқан жоқпын. Тек қазақ қызының, өзіміздің салт-дәстүріміздің құндылығын қайтадан жаңғыртып, көтеру керек деп ойлаймын", - деді ол видеосында. 

Гүлжан есімді блогердің айтуынша, ажырасудың көбеюі қалың малдың аз болуына байланысты. 

"Мысалы, түріктерде қыз алу үшін қаншама алтын береді. Ол жақта ажырасу аз. Ал біз бүкіл дүниежүзі бойынша ажырасу жағынан алдыңғы орында екенбіз. Осындай құнсызданудың кесірінен солай болады. Егер де біз бір қызды алу үшін 10 млн беретін болсақ, екі жақтың бір-біріне деген қарым-қатынасы басқаша болады. Қыздың алдында жігіттің деңгейі, абыройы жоғары болады", - деді блогер.

Жазылып жатқан пікірлерге қарағанда блогердің бұл ойын көпшілік қолдамайтын сияқты. 

@gulzhan1285 Ал сіз қалай ойлайсыз? #tiktok #rek #fyp #viral #рекомендации #длявас ♬ оригинальный звук - gulzhan

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз